ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА


Хабарландыру
05-09-2024
Құрметті студенттер, жаңа оқу жылы құтты болсын, Сіздер үшін табысты жыл болсын!
05-04-2024
Құрметті пайдаланушылар, Taylor&Francis әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар кітапханасына 01.04-30.04.2024 аралығында тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз!
03-04-2024
Құрметті, ғылыми кітапхана пайдаланушылары!
04-10-2023
Құрметті ғылыми кітапхана пайдаланушылары! ЭКЖ «Университет онлайн кітапханасы» өз деректер базасына тестілік тегін қолжетімділікті ашты.

ЖАҢАЛЫҚТАР
30-10-2024
Кітапханашылар күні
17-09-2024
Ғылыми кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы
04-06-2024
13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы
03-06-2024
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні


Күнтізбе
Қараша 2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Әдебиеттерді цифрландыруға арналған өтініш

Жиі қаралатын беттер

 Ашып қарау

Ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы   республикадағы аса ірі педагогикалық кітапханалардың бірі болып саналады.

Кітапхана - 1928 жылы оқу орнымен қатар құрылған және оқу мен ғылыми процестерді қажетті әдебиеттермен және ақпараттармен қамтамасыз ететін университет құрылымының жетекші бөлімі. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) Ғылыми кітапханасы – студенттердің, профессор-оқытушылардың және оқу-қосалқы құрамның мәдени және рухани орталығы. Кітапханада әр ғылым саласы бойынша оқулықтар, монографиялар, көркем әдебиеттердің тамаша үлгілері,  ХVII-ХIХ ғасырларда жарық көрген сирек кездесетін әдебиеттер жинақталған.

1997 жылдан бастап гуманитарлық саладағы жоғары және арнаулы орта білім беретін ұйымдар кітапханаларының облыстық әдістемелік орталығы болып табылады. Әдістемелік орталыққа қарасты кітапханалармен ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары жүргізілуде. 

Ғылыми кітапхананың кітап қоры 1 700 000 данадан аса,   Ғылыми кітапхана 400 атаудан артық мерзімді басылымдарды алады.

Кітапхана 7 құрылымдық бөлімнен тұрады: жинақтау, каталогтау, кітап сақтау, оқырмандарға қызмет көрсету,  кітапханалық процестерді компьютерлендіру, анықтама-      библиографиялық, кітапхана филиалы.

Оқырмандарға 10 кітап беру пункттерінде: 3 абонементте және 9 оқу залында  қызмет көрсетіледі.

Кітапхана қоры көркем әдебиеттерге аса бай, 4 мыңнан астам сирек кездесетін және бағалы кітаптар жинақталған.

Компьютерлендіру бөлімі заманауи компьютерлік техникамен және көшірме аппараттарымен жабдықталған. 1999 жылдан бастап электронды каталог жасалып келеді, қазіргі кезде электронды каталогтың мәліметтер қорында 100 000-нан аса жазу бар, сонымен қатар кітапхананың бұрынғы кітап қорын электронды каталогка енгізу ісі (ретроконверсия) жалғастырылуда.

Оқырмандарға жекелей толық мәтінді мәліметтер қоры бар электронды каталог ұсынылуда. Бұл толық мәтінді мәліметтер қоры оқулықтар мен оқу құралдарынан, білімге қажетті оқу-әдістемелік кешендерден (БҚОӘК), авторефераттар және диссертациялардан, мерзімді басылымдардағы мақалалардан тұрады. Сонымен қатар дербес компьютерлерде электронды кітапхананың ядросы болып саналатын біздің унверситет оқытушыларының оқу басылымдары орналастырылған. Ғылыми кітапхана оқырмандары Internet жаһандық ақпараттық желісін және ҚР заң актілерінің ақпараттық банкі «Параграфты» мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалана алады. Кітапхана пайдаланушылары сыртқы электронды ресурстарды: КазНЭБ, РМЭБ, Томпсон, Шпрингер, «Лань» баспасының электронды-кітапханалық  жүйесін, Полпред, Эльзевир, EBSCO, IPR-books, Oxford мәліметтер қорын пайдалана алады. Кітапхана Internet желісінде тіркелген, өзінің веб-сайты бар.