|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Съезге 182 қазақстандық делегаттар, 15 шетелдік қатысушылар, оның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттер кітапханаларының жетекшілері мен мамандары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы, БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да үкіметтік, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, жоғары оқу орындары кітапханаларының мамандары қатысты.
Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Б.С.Әйтімова, белгілі ақын О.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, төраға кеңесшісі А.Шужеева, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Әлиев., Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә.Д.Дербісәлі, Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры В.В.Дуда, АҚШ Конгресінің кітапханасының түрік тілдерінің маманы М.И.Назарова барша қатысушыларды Кітапханашылар съезінің ашылуымен құттықтады.
Съезд шеңберінде: «Еліміздегі кітапхана желісінің сапалы адами капиталды қалыптастырудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі мен орны» тақырыбындағы пленарлық отырыс, «Қазақстандағы кітапхана саласын жаңғырту және дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстел, «Қазақстанның цифрландыру контекстіндегі кітапханалар», «Заманауи кітапханалар: дәстүр және жаңашылдық», «Тәрбие және білім беру»: кітапханалардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі, «Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жұмыстарымен танысу», «Қазақстанның арнайы кітапханаларын сандық ортаға интеграциялау және заманауи форматта дамыту» тақырыптарындағы секциялық кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ кітапхана саласының жетекші шетелдік мамандарының қатысуымен «Кітапхана қорларын қалыптастыру, бірыңғай жіктеу, қазақстандық кітапханаларды каталогтау және авторитеттік файлдар» тақырыбында фокус-тренинг, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар, Астана және Ақмола облыстарының кітапхана қауымдастығымен мерекелік – онлайн-кездесуі өткізілді.
Съезд аясында үздік кітапханашы мамандар марапатталып, Қазақстанның дәстүрлі әншілері Сұлушаш Нұрмағамбетова, Алма Аманжолова, Жетіген тобы, "Қуыршақ" театрының өнерпаздары және т.б. өнер көрсетті.
Съезд жұмысына біздің кітапхана директоры Имансыдыкова Нургул Жайлауқызы делегат болып және кітапханашылар қатысты.