|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кітапхананы пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. Кітапхана ғылыми, ақпараттық және мәдени-ағартушылық сипаттағы функцияларды орындайды, университетте оқу, оқу-тәрбие, ғылыми және инновациялық қызметті қамтамасыз етеді.
1.2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 827 бұйрығымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білім беру ұйымының кітапханасы туралы» Үлгілік ережеге; Кітапхана туралы ережеге және университеттің нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленді.
1.3. Ережелер пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін реттейді.
1.4. Кітапхана қызметін пайдалана отырып, пайдаланушы осы Ережемен келіседі және пайдаланушылар мен Кітапхананың құқықтары және міндеттерімен танысқанын растайды.
2. Пайдаланушыларды кітапханаға жазу тәртібі
2.1. Пайдаланушыларды кітапханаға жазу университеттік ID-карта бойынша жүргізіледі. Тіркелу үшін пайдаланушы ақпараттық қызметтер және сервис бөлімінің кітапханашыларына хабарласуы қажет.
2.2. Бірінші курс студенттері ID-картасын алғанға дейін кітапханаға барған кезде жеке куәлік бойынша тіркеуді жүргізеді. ID-картаны алғаннан кейін кітапханашы арқылы тіркеуден өтіп, әрі қарай оқудың барлық кезеңінде ID-картаны пайдалану қажет.
2.3. Тіркелгеннен кейін пайдаланушы осы кітапхананы пайдалану ережелерімен танысуға және оларды қатаң сақтауға міндетті.
3. Абонементті пайдалану ережелері
3.1. Абонементтерде әдебиетті үйге беру жүзеге асырылады.
3.2. Әдебиетке тапсырыс беру кезінде пайдаланушы ID-картасын ұсынады және нысанды толтырады.
3.3. Кітапхана қорынан кітаптар мен басқа да материалдарды алған кезде пайдаланушы басылымдарды мұқият қарап шығуға және қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлауға міндетті, олай болмаған жағдайда басылымды соңғы пайдаланған пайдаланушы басылымды бүлдіргені үшін жауапты болады.
3.4. Пайдаланушы оқу және оқу-әдістемелік әдебиетті бір семестрге немесе бір оқу жылына; ғылыми және көркем әдебиетті 15 күн мерзімге алады.
3.5. Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар тек оқу залдарында беріледі. Егер абонементте қажетті әдебиеттер болмаса, материалдарға www:library.kaznpu.kz кітапхана сайты арқылы «Электрондық каталог» бөлімінде қол жеткізуге болады.
3.6. Пайдаланушы әдебиеттерді 31 шілдеге дейін тапсырып, қайта тіркеуден өтуге немесе кету парағына қол қоюға міндетті
4. Оқу залын пайдалану ережелері
4.1. Оқу залын пайдалану мақсатында келгенін тіркеу үшін ID-картасын ұсыну жеткілікті.
4.2. Оқу залдарында келушілерге оқу залының қорында ашық қолжетімділік режимінде жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі, бұл өз бетінше қажетті әдебиеттерді табуға, қорда бар басылымдарды қызықтыратын тақырып бойынша қарауға мүмкіндік береді.
4.3. Егер оқу залында қажетті әдебиет болмаса, пайдаланушы оны кітапхана сайтынан таба алады.
4.4. Оқу залындағы кітаптар үйге берілуі және үш күнге дейінгі мерзімге «Түнгі абонемент» арқылы ресімделуі мүмкін.
4.5. Бір данадағы әдебиет үйге берілмейді, бірақ пайдаланушы көшіргіштер арқылы сканерленген көшірмесін, қажетті беттердің көшірмелерін жасай алады немесе ұялы телефондарға суретке түсіре алады.
4.6. Оқу залында соңғы 3 жылда отандық және шетелдік газеттерге, журналдарға, хабаршыларға және тағы басқаларға қолжетімділік беріледі. Бұрын жарияланған басылымдарға Кітапхана қорынан тапсырыс беруге болады.
5. Диссертациялық залды пайдалану ережелері
5.1. Диссертациялармен жұмыс тек диссертациялық залда жүзеге асырылады
5.2. Оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер диссертациялар қорын тегін пайдаланады.
5.3. Басқа пайдаланушылар диссертациялық қорды ғылыми жұмыс жөніндегі проректор қол қойған арнайы өтініш хат негізінде пайдалана алады. Диссертациялар қорын пайдалану құқығын беретін өтініш хат күнтізбелік бір жыл ішінде жарамды.
5.4. Диссертация материалдарының дұрыс қолданылуына оқырман мен қолдаухатқа қол қоятын басшы жауап береді.
5.5. Диссертациялардың электронды нұсқаларын тек кітапхана сайтында оқуға болады.
5.6. Кітапхана диссертациялар қорын дәстүрлі (баспа) және электронды түрде қалыптастырады.
5.7. Авторлар кітапханаға тапсырады:
5.8. Кітапхана диссертацияны ғылыми өңдеуді жүзеге асырады, деректерді кітапхананың анықтамалық-іздестіру аппаратына енгізеді.
5.9. Диссертацияларды кітапханаға түзетулермен, ақаулармен, анық емес мөрмен және тағы басқалармен беруге жол берілмейді.
6. Кітапхананың электронды залын пайдалану ережесі
6.1. Кітапхананың электрондық залын пайдалану үшін пайдаланушы кітапханашыға ID-картаны ұсынуы жеткілікті.
6.2. Электрондық зал Интернет желісінің ресурстарына, жазылу деректер базасына және өз генерациясының электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті, сондай-ақ компьютерлерде орнатылған оқу және ғылыми қызметтің бағдарламалық қамтылымын пайдалана отырып жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
7. Пайдаланушылар мен кітапхананың құқықтары мен міндеттері
7.1. Кітапхана пайдаланушылары құқылы:
7.2. Пайдаланушылар міндетті:
7.3. Пайдаланушыға тыйым салынады:
8. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері
Кітапхана міндетті:
Нормативтік талаптарға сәйкес кітапхана санитарлық күндерді өткізуге құқылы. Санитарлық күндері кітапхана пайдаланушыларға қызмет көрсетпейді.