|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 32 жыл толды.
Назарларыңызға Мемлекеттік рәміздер туралы қызықты деректерді ұсынамыз.
1. Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін Елтаңбаның белгісі қолданылады.
2. Ту үнемі оң жаққа қарай желбіреуі керек.
3. 1992 жылы қабылданған Әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынған.
4. Мемлекеттік мекеме маңдайшаларында Ту міндетті түрде болуы керек.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында рәміздерге арнайы 3 бап берілген.
6. Қазіргі Әнұранымыз заңды түрде 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды.
7. 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев тұңғыш рет қазақтың Туын ғарышқа апарды.
8. Монблан шыңында (4 810 м), Памир тауының Ленин шыңында (7 134 м) және Эверест шыңында (8 800 м) еліміздің Туы желбіреп.