ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА


Хабарландыру
02-06-2026
CNKI платформасының электрондық ресурстарына тестілік қолжетімділіктің ашылуы туралы
12-02-2026
E-UNI.KZ – енді Абай атындағы ҚазҰПУ-да!
14-11-2025
Біздің кітапхана енді EBSCO электронды ресурстарына тестілік қолжетімділікті ашқанын хабарлайды.
05-09-2024
Құрметті студенттер, жаңа оқу жылы құтты болсын, Сіздер үшін табысты жыл болсын!

ЖАҢАЛЫҚТАР
23-05-2025
Oxford University Press тренингі сәтті өтті!
26-11-2024
Жаңартылған Бреттон-Вудс қорының кітапханасының ашылуы
30-10-2024
Кітапханашылар күні
17-09-2024
Ғылыми кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы


Күнтізбе
2026
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Әдебиеттерді цифрландыруға арналған өтініш

Жиі қаралатын беттер

 Ашып қарау

Ресурстар

 

 

 

 

 
Хабарландыру
02-06-2026
CNKI платформасының электрондық ресурстарына тестілік қолжетімділіктің ашылуы туралы

Құрметті пайдаланушылар!
 
Университет кітапханасы әлемдегі жетекші ғылыми-ақпараттық ресурстардың бірі болып саналатын CNKI (China National Knowledge Infrastructure) платформасының электрондық ресурстарына тестілік қолжетімділіктің ашылғаны туралы хабарлайды.
CNKI платформасы ғылыми журналдардың толық мәтінді мақалаларын, докторлық және магистрлік диссертацияларды, конференция материалдарын, статистикалық деректерді, жылнамаларды, электрондық кітаптарды және өзге де академиялық ақпараттық ресурстарды қамтитын ауқымды ғылыми білім қорына қолжетімділік ұсынады.
Тестілік қолжетімділік кезеңінде университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері, докторанттары, магистранттары мен студенттері платформа мүмкіндіктерімен танысып, оны оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында және кәсіби қызметінде пайдалана алады.
Аталған тестілік қолжетімділік пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін зерделеу және платформаның университеттің білім беру мен ғылыми қызметін ақпараттық қамтамасыз етудегі тиімділігін бағалау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Баршаңызды CNKI платформасының ресурстарын белсенді пайдалануға және заманауи ғылыми ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігін тиімді қолдануға шақырамыз. https://oversea.cnki.net/index
CNKI (China National Knowledge Infrastructure) -білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне қажетті академиялық ресурстардың кең ауқымына қолжетімділік ұсынатын Қытайдағы ең ірі ғылыми-ақпараттық платформа. Платформа зерттеушілерге, оқытушыларға, докторанттарға, магистранттарға және студенттерге өзекті ғылыми жарияланымдарға, диссертацияларға, статистикалық деректерге және басқа да ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ғылыми зерттеулердің дамуына және халықаралық деңгейдегі академиялық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді.
CNKI ресурстарының құрамына мыналар кіреді:
• China Academic Journals Full-text Database (CAJ) - Қытайдың ғылыми журналдарының толықмәтінді деректер базасы.
• China Doctoral/Masters' Thesis Full-text Database (CDMD) - докторлық және магистрлік диссертациялардың деректер базасы.
• China Core Newspapers Full-text Database (CCND) - Қытайдың жетекші газеттерінің толықмәтінді жинағы.
• Conference Proceedings Full-text Database (CPCD) - халықаралық және ұлттық ғылыми конференциялар материалдарының деректер базасы.
• China Yearbooks Full-text Database (CYFD) - Қытайдың статистикалық және салалық жылнамалар жинағы.
• China Economic and Social Statistics Database (CSYD) - Қытайдың экономикалық және әлеуметтік статистикасының деректер базасы.
• CNKI eBooks (CCGB) - ғылыми және оқу әдебиеттерінің электрондық кітаптар қоры.
• Academic Reference (AR) - ғылыми зерттеулерге арналған аналитикалық және анықтамалық құрал.
• CNKI AI - ғылыми ақпаратты іздеу, талдау және өңдеуге арналған жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік платформа.
Сіздерге жемісті еңбек, табысты зерттеулер және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!
1
« назад