|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2019 жылы 13 ақпан сағат 09:00-де IPR MEDIA компания тобы «ЭБС IPRBOOKS мүмкіндіктері. Заманауи сервистер мен технологиялар арқасында оқу үрдісін тиімді құру. Авторлар үшін IPR MEDIA ТК-мен ынтымақтастықтың артықшылықтары» атты бірегей мастер-клас өткізді. Оқу және заманауи цифрландыру жағдайында электронды - кітапхана жүйесінде білім беру үрдісінің маңызды бөлігі туралы өзекті ақпарат алу мақсатында бұл мастер-класқа біздің ЖОО-ның ПОҚ, магистранттары, докторанттары мен студенттері қатысты. Мастер-класс аясында IPR MEDIA ГК дамыту жөніндегі директоры Кутуева Вита Викторовна ЖОО кітапханасын толықтыру және кітаппен қамтамасыз ету үдерістерін автоматтандыруға бағытталған IPR BOOKS электронды-кітапханалық жүйесінің жаңа және қажетті технологиялары және профессор-оқытушылар құрамы пәндерінің жұмыс бағдарламалары туралы әңгімеледі. Мастер-класс қатысушыларына атаулы сертификаттар табыс етілді.