|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ғылыми кітапхана Алматы қаласы және Алматы облысындағы гуманитарлық бағытта орта және жоғары білім беретін оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады. Бұл орталыққа қазір 22 кітапхана: 11 жоғары оқу орындарының кітапханалары, 11 орта арнаулы оқу орындары кітапханалары қарайды.
Әдістемелік орталық осы кітапханалардың жұмыстарын үйлестіре отырып, оларға кітапханалық және ақпараттық библиографиялық қызметтерді ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетіп келеді.
Әдістемелік орталық кітапханашыларының және ғылыми мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар (семинарлар, конференциялар, тренингтер, презентациялар, дөңгелек үстелдер және т.б.) ұйымдастырылуда.
Кітапхана мамандары кітапхана ісіне арналған барлық семинарларға қатысып келеді.
Ғылыми кітапхана мамандарының кітапхана ісіндегі өзекті мәселелерге арналған мақалалары ҚР және жақын шет елделдердің түрлі кітапханалық басылымдарында жарық көруде.