|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 |
ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ғылыми кітапхана-әдістемелік орталықты пайдалануға оқытушылар, студенттер, аспиранттар, магистранттар, басқа да қызметкерлер құқылы.
Ғылыми кітапхана-әдістемелік орталық қорда бар әдебиеттерді, газет, журналдарды және басқа құжаттарды оқырмандарға уақытша пайдалануды ұйымдастырады.
Ғылыми кітапхана-әдістемелік орталықтың қызмет көрсетудің барлық түрлері ақысыз.
Әдебиеттерді үйге беру абонемент арқылы жүзеге асады. Жалғыз дана немесе соңғы әдебиет үйге берілмейді. Оқу залындағы әдебиеттерді залдан алып шығуға қатаң тиым салынады.
Оқырмандардың ғылыми кітапхана-әдістемелік орталыққа тіркелуі оқырманның университетке тиістілігін растайтын құжатты көрсетіп, екі фотосурет тапсырғанда жүргізіледі. Біртұтас оқырман билеті беріліп және оқырман формуляры толтырылады.
Оқырман билеті университеттің барлық абонементтері мен оқу залдарын пайдалануға құқық береді. Оқырман билетінің пайдалану мерзімі университетті бітіргенге дейін жарамды. Оқырмандарды ғылыми кітапхана-әдістемелік орталыққа тіркегенде пайдалану ережелерімен таныстырады. Олар осы ережелерді орындайтынын растап оқырман формулярына өз қолын қояды.
АБОНЕМЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Оқырман абонементте әдебиеттерге тапсырыс бергенде оқырман билетін ұсынып, өтініш қағазын толтырады және оқырман формулярына, өтініш қағазына өз қолын қояды.
Абонементте әдебиеттер төмендегі мерзімге беріледі:
Кейбір басылымның қолдану мерзімі сол басылымға басқа оқырмандардан сұраныс жоқ болса, ұзартылуы немесе басылым бір ғана дана болып көп сұранысқа ие болса, қысқартылуы мүмкін.
Әдебиеттерді белгіленген мерзімнен артық пайдаланған оқырмандардан айып жазасы ретінде кітап қабылданады. Жоғалған кітаптардың орнын оқырман дәл өзі жоғалтқан кітаптармен немесе мазмұны жағынан ұқсас кітаптармен, болмаса кітапханаға қажет кітаптарды әкеліп өткізумен толтыруы тиіс.
Сыртқы бөлім студенттері сессия аралық кезеңде қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етіледі.
Студенттер әр жылдың 31 шілдесіне дейін алған әдебиеттерін тапсырып, қайта тіркелуден өтуі тиіс.
ОҚУ ЗАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Оқырман залында әдебиетке тапсырыс беру үшін, оқырман өз оқырман билетін ұсынады, керекті әдебиетті алған соң әдебиет формулярына қолын қояды. Кітап формуляры әдебиеттің берілу мерзімін, сонымен қатар кітапханашының әдебиетті және тағы басқа басылымдарды қабылдап алуын растайтын құжат болып есептеледі.
Оқырман залына берілетін басылымдар, әдебиеттер санына шек қойылмайды. Белгілі бір әдебиетке бір уақытта сұраныс көбейсе ғана, саны шектелуі мүмкін.
Кітап сақтау қорынан оқырман залына берілген әдебиеттер белгілі бір мерзімге дейін сақталуы мүмкін. Энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалық басылымдар, диссертациялар, мерзімді басылымдар,сирек кездесетін әдебиеттер тек оқу залына ғана беріледі.
Кітап қорынан оқырман залына диссертациялар университет ректорының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорының жазбаша рұқсатымен ғана беріледі.
Оқу залынан әдебиеттерді алып шығуға болмайды. Ережені бұзған оқырмандар ғылыми кітапхана-әдістемелік орталығының әкімшілігі белгілейтін мерзімге дейін кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.
ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Оқырмандар :
Оқырмандардың міндеттері:
Әдебиеттерді алу үшін оқырман билетін ұсынып, өтініш қағазын толтырып және қолына берілген әр кітап үшін өз қолын қоюуы тиіс. Әр оқу жылының аяғында кітапхана белгілеген мерзімге дейін барлық алған әдебиеттерді қайта тіркеуден өткізуге немесе тапсыруы керек.Оқырман билетін алдыңғы оқу жылына штамп бастыру арқылы тіркетуі тиіс. Оқу жылының басында қайта тіркелмеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.
Оқырман билетін басқа біреуге қолдануға беруге, қолдануға қатаң тиым салынады.
Оқырман ғылыми кітапхана-әдістемелік орталыққа тіркелу барысында кітапхананы пайдалану ережесімен танысып, өз міндеттерін оқырман формулярына қол қою арқылы растауы тиіс.
Оқырмандар кітап қорынан берілген баспаларға ұқыпты қарап, яғни әдебиеттердің бетін сызып, белгілеуге жыртуға,бүктеуге жол бермеулері керек. Қолына берілген әдебиеттерді мұқият тексеріп, кем-кетігі болса, кезекші кітапханашыға айтуы керек. Әйтпесе әдебиеттің кем-кетігі соңғы пайдаланған оқырманның мойнына жүктеледі.
Әдебиетті немесе басқа басылымды оқырман жоғалтса, кітапханаға орнына сондай әдебиет әкеліп тапсырады.
Ғылыми кітапхана-әдістемелік орталыққа зиян келтірген оқырман Қазақстан Ресубликасының Заңына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылады.
Университеттен шығарылатын барлық оқырмандар ғылыми кітапхана-әдістемелік орталықпен есеп айырысып, оқырман билетін тапсыруы тиіс.
ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Ғылыми кітапхана-әдістемелік орталық оқырмандарға жоғарғы білім беруді ұйымдастырудың кітапхана туралы Ережесіне және кітапхананы пайдалану ережелеріне сәйкес қызмет көрсетеді.
Ғылыми кітапхана-әдістемелік оталық :
Ғылыми кітапхана-әдістемелік орталықтың міндеттері:
Оқырмандарға :
рұқсат етілмейді.
Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған оқырмандар әрқайсысына жеке жағдайда бекітілген мерзімге дейн кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады. Ғылыми кітапхана ережелерін дөрекі бұзған оқырмандар туралы материалдар факультет деканатына тапсырылады.