ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА


Хабарландыру
11-11-2021
Ғылыми кітапхана өз қолданушыларына ​ЭКЖ​ KAZNUread​ - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы "Қазақ университеті" баспа үйінің электронды-кітапханалық жүйесі тесттік қол жетімділік туралы хабарлайды.
07-09-2021
Ғылыми кітапханаға жазылу.
01-09-2021
Құрметті қолданушылар!
18-02-2021
19 февраля 2021 г. в 15.00. Научная библиотека КазНПУ имени Абая приглашает магистрантов, докторантов и преподавателей на вебинар: Использование научных журналов Wiley в учебном процессе и исследовательской деятельности.

ЖАҢАЛЫҚТАР
05-05-2020
2020 ж. 05.05. күні ғылыми кітапхана «Юрайт» білім беру платформасын қолдану тақырыбында вебинар өткізді.
02-05-2020
30.04 сағ. 15.00 де "Деректі қорларды оқу процесінде пайдалану" тақырыбында вебинар өтті.
02-05-2020
Құрметті оқырман! Абай атындағы ҚазҰПУ нің ректоры Т.Балықбаевтың президентіміз Қ.Тоқаев бастаған "қандай кітап оқып жатырсың" эстафетасын қолдау мақсатында электронды кітапханамыздан келесі әдеби кітаптарды оқуға ұсынамыз:
23-04-2020
Онлайн кітапхана. Біз біргеміз.


Күнтізбе
Желтоқсан 2021
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Кітапханаға онлайн тіркелу

Әдебиеттерді цифрландыруға арналған өтініш

Жиі қаралатын беттер

 Ашып қарау

Ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы республикадағы ең ірі педагогикалық кітапханалардың бірі болып табылады.

Кітапхана 1928 жылы оқу орнымен бір мезгілде ұйымдастырылған және оқу мен ғылыми процестерді қажетті әдебиеттермен және ақпараттармен қамтамасыз ететін университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы (ҚазҰПУ) - студенттерге, профессорлық-оқытушылық және оқу-көмекші құрамдарға арналған мәдени және рухани орталық. Онда оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар, мерзімді басылымдар, көркем әдебиеттің тамаша үлгілері жинақталған. Кітапханада ХVII-ХІХ ғасырлардағы сирек кездесетін және құнды 4 мыңнан астам кітап қоры бар.

1997 жылдан кітапхана-Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындары ( ОАОО) кітапханаларына арналған облыстық әдістемелік орталық.

Кітапхана қоры 1 700 000-нан астам дананы құрайды.

Кітапхананың құрылымы 6 бөлімнен тұрады: кітапханалық-ақпараттық технологиялар, ақпараттық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсету және сервистік қолдау, жасақтау және коммуникациялар, каталогтау және жүйелеу бөлімі, негізгі кітап қоры. Кітапхана оқырмандарына 10 әдебиет беру пунктерінде: 3 абонементте және 6 оқу залында, электрондық ресурстар залында сараланған түрде қызмет көрсетіледі.

Электронды-ақпараттық технологиялар бөлімі заманауи компьютерлік және көшіру техникасымен жабдықталған.

Пайдаланушылар қызметіне кітапхананың толық мәтінді мәліметтер базасы: оқулықтар мен оқу құралдары, білім беруге арналған оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК), авторефераттар мен диссертациялар, мерзімді басылымдардағы мақалалар, электрондық ресурстар, журналдар кіреді.

Ғылыми кітапхана мынадай электронды ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді: ҚазҰЭК, РМЭБ, Еlslantar.kz, эпиграф және Томпсон, Шпрингер, Эльзевир Баспасының электронды-кітапханалық жүйесінің шетелдік дерекқорларына, EBSCO, IPR-books, Oxford University Press, Оnlinelibrary.wiley.com.

Кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерді насихаттау мақсатында ай сайын жаңа түсімдерді қарау жүргізіледі. Кітапхана университет қызметкерлері - ғалымдардың еңбектерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізеді.

ҚазҰПУ кітапханасы-бұл заманауи ақпараттық орталық, 93 жыл ішінде жинақталған бірегей қор, 30 жоғары білікті мамандардан тұратын тұрақты жұмысқа қабілетті ұжым.

 

3035