ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА


Хабарландыру
04-10-2023
Құрметті ғылыми кітапхана пайдаланушылары! ЭКЖ «Университет онлайн кітапханасы» өз деректер базасына тестілік тегін қолжетімділікті ашты.
08-09-2023
Құрметті ғылыми кітапхананы пайдаланушылар!
14-09-2022
Құрметті студенттер, жаңа оқу жылы құтты болсын, сіздер үшін табысты жыл болсын!
12-02-2022
Құрметті пайдаланушылар! 2022 жылдың ақпан айының 14 - 18 аралығында ғылыми кітапхананың ұйымдастырумен «Институт күндері» апталығы өтетіні туралы хабардар етеміз!

ЖАҢАЛЫҚТАР
24-11-2023
Кітапханаға сыйланған әдебиеттер
27-10-2023
24 қазан — кітапханашылар күні
27-04-2023
Ғылыми кітапханаға арнайы кітапханалық ИРБИС бағдарламасын әзірлеуші «ЭйВиДи» ЖШС-нің мамандары : Токмаков В.В., Молвинскңих И., Симагина А., Емельянов А.Е., келді.
13-04-2023
Ғылыми кітапхана ағымдағы жылдың 11.04 – 13.04 аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамына, докторанттар мен магистранттарға арнайы «Университет кітапханасының цифрлық платформасы» атты вебинар ұйымдастырып, өткізді.


Күнтізбе
2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Әдебиеттерді цифрландыруға арналған өтініш

Жиі қаралатын беттер

 Ашып қарау

Ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы республикадағы ең ірі педагогикалық кітапханалардың бірі болып табылады.

Кітапхана 1928 жылы оқу орнымен бір мезгілде ұйымдастырылған және оқу мен ғылыми процестерді қажетті әдебиеттермен және ақпараттармен қамтамасыз ететін университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы (ҚазҰПУ) - студенттерге, профессорлық-оқытушылық және оқу-көмекші құрамдарға арналған мәдени және рухани орталық. Онда оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар, мерзімді басылымдар, көркем әдебиеттің тамаша үлгілері жинақталған. Кітапханада ХVII-ХІХ ғасырлардағы сирек кездесетін және құнды 4 мыңнан астам кітап қоры бар.

1997 жылдан кітапхана-Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындары ( ОАОО) кітапханаларына арналған облыстық әдістемелік орталық.

Кітапхана қоры 1 700 000-нан астам дананы құрайды.

Кітапхананың құрылымы 6 бөлімнен тұрады: кітапханалық-ақпараттық технологиялар, ақпараттық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсету және сервистік қолдау, жасақтау және коммуникациялар, каталогтау және жүйелеу бөлімі, негізгі кітап қоры. Кітапхана оқырмандарына 10 әдебиет беру пунктерінде: 3 абонементте және 6 оқу залында, электрондық ресурстар залында сараланған түрде қызмет көрсетіледі.

Электронды-ақпараттық технологиялар бөлімі заманауи компьютерлік және көшіру техникасымен жабдықталған.

Пайдаланушылар қызметіне кітапхананың толық мәтінді мәліметтер базасы: оқулықтар мен оқу құралдары, білім беруге арналған оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК), авторефераттар мен диссертациялар, мерзімді басылымдардағы мақалалар, электрондық ресурстар, журналдар кіреді.

Ғылыми кітапхана мынадай электронды ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді: ҚазҰЭК, РМЭБ, Еlslantar.kz, эпиграф және Томпсон, Шпрингер, Эльзевир Баспасының электронды-кітапханалық жүйесінің шетелдік дерекқорларына, EBSCO, IPR-books, Oxford University Press, Оnlinelibrary.wiley.com.

Кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерді насихаттау мақсатында ай сайын жаңа түсімдерді қарау жүргізіледі. Кітапхана университет қызметкерлері - ғалымдардың еңбектерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізеді.

ҚазҰПУ кітапханасы-бұл заманауи ақпараттық орталық, 93 жыл ішінде жинақталған бірегей қор, 30 жоғары білікті мамандардан тұратын тұрақты жұмысқа қабілетті ұжым.

 

1