ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА


Хабарландыру
05-04-2024
Құрметті пайдаланушылар, Taylor&Francis әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар кітапханасына 01.04-30.04.2024 аралығында тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз!
03-04-2024
Құрметті, ғылыми кітапхана пайдаланушылары!
04-10-2023
Құрметті ғылыми кітапхана пайдаланушылары! ЭКЖ «Университет онлайн кітапханасы» өз деректер базасына тестілік тегін қолжетімділікті ашты.
08-09-2023
Құрметті ғылыми кітапхананы пайдаланушылар!

ЖАҢАЛЫҚТАР
24-11-2023
Кітапханаға сыйланған әдебиеттер
27-10-2023
24 қазан — кітапханашылар күні
27-04-2023
Ғылыми кітапханаға арнайы кітапханалық ИРБИС бағдарламасын әзірлеуші «ЭйВиДи» ЖШС-нің мамандары : Токмаков В.В., Молвинскңих И., Симагина А., Емельянов А.Е., келді.
13-04-2023
Ғылыми кітапхана ағымдағы жылдың 11.04 – 13.04 аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамына, докторанттар мен магистранттарға арнайы «Университет кітапханасының цифрлық платформасы» атты вебинар ұйымдастырып, өткізді.


Күнтізбе
2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Әдебиеттерді цифрландыруға арналған өтініш

Жиі қаралатын беттер

 Ашып қарау

Ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-і ғылыми кітапханасының негізі 1928 ж. қаланған, Қазақстан республикасындағы ірі жоғары оқу орны кітапханаларының бірі.

Ғылыми кітапхана институтпен бірге ұйымдастырылған. Алғашқы құрылған жылында кітапханада бір ғана кітапханашы - Келлер Софья

Романовна жұмыс істеген, ал кітап қоры небары 40 мың томды құраған. Кітапхананың кітап қоры негізін верныйлық гимназиялардан және жеке кітап қорларынан жинақталған әдебиеттер құрады. Оқырмандар саны 124 болды.

1930 ж. алфавиттік каталогты жасау жұмыстары басталды.

1935 ж. жүйелік каталогты жасау жұмыстары басталды.

1947 ж. кітап қорын қайта инвентаризациялау жүргізілді.

50-ші жылдары  кітапхана қоры түрлі басылымдармен толықтырылды.

60-шы жылдары қазақ тіліндегі әдебиеттер каталогын жасаудың алғашқы қадамдары басталды.

1961 ж. кітапхана Абай атындағы ҚазПИ-ті оқытушыларының «Библиографиялық жинағын» басып шығарды.

1962 ж. кітапхана студенттер арасында кітапханалық-библиографиялық білімді (БББ) насихаттайтын сабақ өткізе бастады.

1967 ж. математика факультетінің жаңа корпусынан оқу залы, кітап сақтау орны және 3 бөлімге: қызмет көрсету, әдебиеттерді жинақтау және каталогтау, анықтама-библиографиялық бөлімдеріне арнайы бөлмелер берілді. Бұл кезде кітапхана меңгерушісі -   Полищук Галина Вениаминовна болды. 

1968 ж. кітапхана Ұлы октябрь социалистік революциясының 50 жылдығына арналған бүкілодақтық кітапханалар байқауына белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

1968 ж. бірінші рет КАА (кітапханаралық абонемент) қызметі ашылды. Кітапханаға «Минск-22» алғашқы есептеу техникасы жұыс істей бастады.

1969 ж. кітапхананың Әдістемелік кеңесі құрылды.

1970 ж. кітапхана В.И.Лениннің 100 жылдығына байланысты республикалық мәдени-ағартушы мекемелердің байқауында кітапхана жұмысы екі дүркін дипломдармен марапатталған.

1970 ж. студенттерді оқу әдебиеттерімен қаматамасыз ету картотекасы құрастырылды.

1972 ж. кітапханалық библиографиялық факультет ашылып, онда кітапхана қызметкерлері сабақ жүргізе бастады. Факультет 2  бітірушілер шығарып, 65 студент бітіруі туралы куәлік алды.

1973 ж. кітапхана меңгерушісі болып Әбішева Қабира Наурызбайқызы тағайындалды.

1975 ж. жаратылыстану-география факультетінде кітапхана филиалы ашылды.

1976 ж. 10 жыл қызмет еткен Ғылыми-техникалық ақпараттар қызметі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы білім министрлігінің 1980 жылғы 18 сәуір №72 бұйрығына сәйкес кітапханаға оңтүстік аймақтағы педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық училищелердің тірек кітапханасы қызметі бекітілді. Ғылыми-әдістемелік бөлім ашылды.

1982 ж. ғылыми-әдістемелік бөлім ашылды.

1984 ж. кітапхана еңбек ақы төлеудің үшінші тобынан екіншісіне ауыстырылды.

1987 ж. кітап сақтау бөлімі құрылды.

1988 ж. кітапхана «Библиотекариада-1» конкурсына қатысты.

1990 ж. кітапхана еңбек ақы төлеудің екінші тобынан біріншісіне ауыстырылды.

1992 ж. төменгі курс студенттеріне абонемент ашылды.

1997 ж. ҚР Білім министрлігінің 31 қаңтардағы №33 бұйрығы бойынша кітапхана Алматы қаласы мен Алматы облысының гуманитарлық бағыттағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталығы болып саналады.

1997 ж. әдістемелік орталыққа қарасты Алматы қаласындағы кітапханалар қызметкерлері үшін «Жоғары оқу орны кітапханасының жұмысын ұйымдастыру» атты арнайы семинар өткізілді.

1998 ж. ТЕМПУС-ТАСИС жобасы бойынша кітапхана процестерін компьютерлендіру ісі жүзеге асырылды. Жобаға сәйкес «Рабис-Абай» кітапханалық бағдарламасы жасалынды, сонымен қатар кітапхананың бірқатар қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында Еуропа (Италия, Голландия) елдерінің белді ғылыми кітапханаларына іссапармен барып қайтты;  кітапхана ҚР Кітапханалары Ассоциациясына (БАРК) кірді; кітапхана директоры – Абишева К.Н.кітапхана қызметкерлерінің II съезіне делегат ретінде қатысты.

1999 ж. «Рабис-Абай» кітапханалық бағдарламасы Алматы қаласындағы жоғары оқу орны кітапханаларына таныстырылды. Психология-педагогика факультетінде оқу залы ашылды.

2000 ж. кітапхана процестерін автоматтандыру және компьютерлендіру бөлімі құрылды.

2001 ж. ғылыми кітапхана директоры  қызметіне Имансыдықова Нұргүл Жайлауқызы тағайындалды.

2002 ж. әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогтау бөлімі ашылды.

2003 ж. көркем-сурет факультетінде оқу залы ашылды.

2004 ж. кітапхана қызметкерлері кезекті аттестациялаудан өтті.

2005 ж. қаржы-экономика  факультетінде оқу залы ашылды.

2007 ж. кітапхана күрделі жөндеуден өтті; кітапхана қызметкерлері кезекті аттестациялаудан өтті; филология факультетінде оқу залы ашылды; электрондық ресурстар залы ашылды; «ИРБИС-64» ресейлік кітапханалық бағдарламасы алынды.

2008 ж. әдістемелік орталыққа қарасты орта  арнаулы білім беретін оқу орындары кітапханалары қызметкерлері үшін «Кітапханалық процестерді автоматтандыру» атты  семинар өтті; ғылыми кітапхана 80 жылдық мерейтойын өткізді. «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті профессорраы мен оқытушылары» атты биобиблиографиялық көрсеткіш, Кітапхана жолсерігі «Оқырманға жаднама», «Памятка читателю» атты буклеттер шығарылды; кітапхана директоры – Имансыдықова Н.Ж.  «Республикалық білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды; «Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов» атты биобиблиографиялық көрсеткіш шығарылды; кітапхана ТМД мемлекеттері Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының ұйымдастыруымен тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің кітапханаларының кәсіби туріне қатысуға сертификат алды. Бұл тур Ресей мемлекеттік кітапханасының Пашковтар Үйінің қайырымдылық акциясы шеңберінде өтті. 

2011 ж. кітапхана халықаралық аккредитациядан табысты өтті; кітапхана қызметкерлері кезекті аттестациядан өтті; «Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы» атты библиографиялық көрсеткіш шығарылды.

2012 ж. әдістемелік орталыққа қарасты жоғары оқу орындары кітапханалары үшін кәсіби біліктілікті көтеру курсы ұйымдастырылды; кітапхана мемлекеттік аттестациядан табысты өтті.

2013 ж. кітапхана директоры Имансыдықова Н.Ж. Ахмет Байтұрсынов атындағы қола медальға ие болды; кітапхана директоры  Имансыдықова Н.Ж. Сингапурде өткен ИФЛА-ның конференциясына қатысып қайтты; жас кітапханашыларға арналған  «Ғылыми кітапхананың ақпараттық ресурстар қоры» атты әдістемелік құрал шығарылды; «Пірәлиев Серік Жайлауұлы» библиографиялық көрсеткіші шығарылды.

2014 жылы кітапхана институтаралық аккредитациядан өтті. Кітапхана КАБИС бағдарламасына көшті. «Абай Құнанбайұлы және Дамитов Б. К.» библиографиялық көрсеткіші шығарылды. Жоғары оқу орындары кітапханаларының «Қазіргі даму үрдісінің қызметін жетілдіру» тақырыбында Халықаралық конференция өтті. Кітапхана директоры Францияда өткен ИФЛА конгресіне қатысты.

2015 ж. Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академиясымен бірігіп кітапхана мамандарының білімін көтеру үшін біржылдық курсы ұйымдастырылды.

2016 ж. кітапхана қызметкерлері кезекті аттестациядан өтті.

2017 ж. кітапхана АБИС ИРБИС-64 бағдарламасын алды.

2018 ж. ҚР Білім және Ғылым министрлігі шеңберінде білім жүйесі мемлекеттік тексеруден өтті.                                                                 

1