ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА


Хабарландыру
20-11-2020
«БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты халықаралық онлайн конференция
13-11-2020
Құрметті кафедра меңгерушілері мен оқытушылары! Университет мамандықтарын кітаппен қамтамасыз ету мәселелері бойынша:
03-11-2020
Ғылыми кітапхана өз қолданушыларына Wiley журналына тесттік қол жетімділік туралы хабарлайды.
29-05-2020
Құрметті оқырмандар! Хабарлама Алматы тұрғындары немесе оқу-әдебиеттерін келіп тапсыруға мүмкіндігі бар оқырмандар үшін.

ЖАҢАЛЫҚТАР
05-05-2020
2020 ж. 05.05. күні ғылыми кітапхана «Юрайт» білім беру платформасын қолдану тақырыбында вебинар өткізді.
02-05-2020
30.04 сағ. 15.00 де "Деректі қорларды оқу процесінде пайдалану" тақырыбында вебинар өтті.
02-05-2020
Құрметті оқырман! Абай атындағы ҚазҰПУ нің ректоры Т.Балықбаевтың президентіміз Қ.Тоқаев бастаған "қандай кітап оқып жатырсың" эстафетасын қолдау мақсатында электронды кітапханамыздан келесі әдеби кітаптарды оқуға ұсынамыз:
23-04-2020
Онлайн кітапхана. Біз біргеміз.


Күнтізбе
Қараша 2020
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Әдебиеттерді цифрландыруға арналған өтініш

Жиі қаралатын беттер

 Ашып қарау

Ресурстар

 

 

 

 

 

 
Келісім-шарттардың үлгілері

Хабарландыру
20-11-2020
«БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты халықаралық онлайн конференция

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының  ұйымдастыруымен «БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты  халықаралық  онлайн конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2020 жылы 22-23 желтоқсан аралығында онлайн форматта өтеді.

Конференцияға шетелдік және қазақстандық инклюзия бағытындағы арнайы педагог-мамандар, психологтар, кітапхана мамандары, бейімделген технологияларды құрастырушы компаниялардың өкілдері, баспа мамандары мен ақпарттық ресурстар өнімдерінің құрастырушылары қатысады.

Конференцияда инклюзия бағытындағы озық тәжірибемен алмасу, кітапхана кеңістігінде инклюзивті орта құру, бейімделген арнайы технологиялық құрылғылар мен ақпараттық ресурстарды пайдалану  мүмкіндіктері қарастырылады.

Конференция бағдарламасы мына сайттарда ораналастырылады:

  • ҚР жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығы: http://ulark.kz.
  • Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кітапханасы: http://lib.kaznpu.kz

Конференцияға тіркелу мына сілтеме бойынша: 

https://docs.google.com/forms/d/1Gz1juHeVPI5RfuZ2GHEJwu9oPoNvYu-vMXzO6Cbykkg/edit?usp=sharing
 

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdCEISXVIbsc_54DNqaKjpCbWXcXWu8IpttXZUZnMcv1-cUbA/viewform?usp=sf_link

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Басталуы: сағат 10.00 (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) ZOOM платформасы бойынша мына сілтемеде өтеді.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді.

Мақалалар 2020 жылдың 11 желтоқсанына дейін қабылданады.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын техникалық талаптар:

Көлемі 5-7 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тікжақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орысша,  орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша, орысша  түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекен жайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Ұйымдастырушылар:

Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы-"Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі президенті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кітапханалық-ақпараттық орталық директоры, Тараз қаласы,  ұялы тел.+ 7 7013286050, эл.пошта: irzhanovag@gmail.com

Имансыдықова Нұргүл Жайлауқызы-Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапхана директоры,

Алматы қаласы ұялы тел. +7 7752307737, эл.пошта: ndi_26@mail.ru

57
« назад